Қара бетӘнші

Шырын Нарчаева тағы да дау тудырды


Қара пиардың жолын қуған «Alem band» тағы да ел аузында. Аты шулы Айжан Байзакованы екі клипіне түсіріп, халықтың лағнетіне ұшыраған аталмыш топ халық ызасына тиген Шырын Нарчаеваны да өз клиптеріне түсіріпті.

Әуелбаста бұл туралы инстаграм парақшасында хабарлаған топтың продюссері Алмаз Бекіш Айжан Байзакова, Шырын Нарчаева және Баян Есентаеваның қызы Айсауле Бақытбектің суретін жүктеген деп хабарлайды «Жұлдыздар әлемі» Гәкку арнасына сілтеп. Сол үш сурет арқылы жанкүйерлерге келесі клипте төбе көрсететін кейіпкерге таңдау жасатқан.

Содан бері қызу дайындық жүріп, міне араға бір сай сала «Alem band» тобы жаңа клиптің тизерін желіге жүктеді. Әрине, жас топ хайп қуып, ел назарын әдеттегідей өздеріне аудармақ. Мұны, тіпті топ продюссері де жасырмады: «Әуелбастан Айжанды түсіріп, хайппен бастадық қой. Соны жалғастырмақпыз»,-деген еді ол. Дей тұрғанмен, жеңіл жарнама көпке апармайтынын түсінбеген сыңайлы. Әлде бұл пиар ход расымен өз нәтижесін әкеле ме, сіздер қалай ойлайсыздар, «Жұлдыздар әлемі» порталының оқырмандары?

Загрузка...
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close