Жаңалықтар

Жойқын дауылға қарамастан отандық жұлдыздар Таиландқа неге құмар?

NUR.KZ

Әдетте, қаңтар айында өздеріне демалыс жариялайтын әртістер қауымынан, биыл ауа-райы мінезді келетін өңірлерді таңдағандары көп. Тіпті, шығармашылықтан шаршаған Әли Оқаповқа, Таиландағы тайфун да кедергісін келтіре алмаса керек.

Бұл туралы «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасы хабарлайды.

Әли Оқапов, әнші:

-Қыста демалуға тырысамын. Өйткені, ол да бізге қажет. Кішкене миың тынышталып дегендей. Ұял телефонды өшіріп…

Алғашқы ән кешін абыроймен атқарған Әли, бірден толықметрлі картинаның түсіріліміне кірісіп кеткен. Жақын күндері кинотуындының жұмыстарын тәмамдап, шет елде демалуды көздеп отыр. Танымал әншінің таңдағаны – Таиланд елі.

Әли Оқапов, әнші:

-Мен үшін ең ыңғайлысы сол. Және де ұнататыным сол. Көп жерлерге бардық. Сондықтан салыстырмалы тұрғыда қыста Таиланд елі ыңғайлы маған.

Актриса Айнұр Ілиясова таяуда ғана дәл осы толқынды Тайландқа отбасымен саяхаттап қайтқанын айтады.

Айнұр Ілиясова, актриса:

Қатты дауылға дейін барып қайттым. Өте тамаша. Загар алып қайттым.

Демалыстың жоспары құрылғанымен, кейбір жұлдыздар үшін баратын елді таңдау қиынға соғып жатса керек…

Мақпал Исабекова, әнші:

Үш мемлекеттің арасынан таңдап отырмын. Қай жаққа баратынымды білмеймін. Бірақ міндетті түрде ол жақта теңіз жағасында болады.

Айгүл Иманбаеваның ойлануға уақыты тапшы. Қазіргі таңда Қазақстаннан жырақта жүрген әншіге, теңіздің лебі ерекше шабыт сыйлаған секілді.

Бүгінде Бүркіт пен Аиша да шетел асқан туристердің қатарында. Жұлдызды жұп бұл жолы Рим көшелерінде серуендеп жүр.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close