Басты жаңалықтарЖаңалықтарМузыкаПродюсерРепортаждарШоу бизнес

Продюсер Жан Мұқанов жетім баланың жұлдызын жақпақ!

Күні кеше көпшілікке танымал продюсер тың жобасын іске қосты, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Жан Мұқанов бұл бастамасы арқылы арт-менджмент мамандығында оқитын жас өрендерден дарынды продюсер даярлап, қазақ эстрадасында жаңа есім қалыптасыруды мақсат тұтып отыр.

«Біздің осы жобадағы міндетіміз — жылдың соңында елге мүлдем белгісіз адамнан жұлдыз жасау», — дейді продюсер.

Талантты ұл-қыздардың жұлдызын жағудағы барлық ұйымдастырушылық жұмыстар әлбетте студенттердің күш-жігерімен,  әрі азулы продюсердің басшылығымен жүргізілмек. Және бұл жобаның басты ерекшелігі – отандық эстраданың болашақ өкілін іріктеу тек Нұр-Сұлтан қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өтпек.

«Бұл жобаға студенттер, дайын әншілер қатыса алмайды. Әртістерді біз тек жетім балалар арасында іздейміз», — дейді Жан Мұқанов.

Бүгінде студенттер қауымы жобаның әрбір кезеңін егжей-тегжейлі талқылап, жұмысқа білек сыбана кіріскен. Кастинг қатысушысына қойылатын басты талап — вокалдық қабілет. Сондай-ақ тағы бірқатар талаптарға сай келсе болғаны.

«Жынысы,  ұлты маңызды емес. 14-18 жас аралығындағы жеткіншектер бағын сынай алады. Қазақ тілін білуі қажет. Бірақ вокалдық деңгейі мықты, ал тіл жағы ақсап тұрса, онда үйретеміз», — дейді жоба жетекшісі.

Аталмыш жобаға іріктеу осы жылдың 8-ші наурызына дейін өткізіліп, болашақ әртістің есімі келесі айдың 15-ші жұлдызында жарияланбақ. Әрі қарай кастингтен сүрінбей өткен жеткіншекпен вокал, актерлік шеберлік сабақтарын жүргізіп, имиджін құру қолға алынады. Одан соң болашақ менеджерлер жас өнерпазға ән жазып, бейнебаян таспалап, фотосессия жасау жұмыстарына көшеді. Барлық кезеңді сәтті аяқтап, таланттылар арасында топ жарған жұлдыз бен студенттердің жұмыс нәтижелері 2020 жылдың 1 желтоқсанында «Жыл таңдауы» Ұлттық музыкалық премиясында жарияланатын болады.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close