Жаңалықтаржоғары

Болашақ сәбилерін күтіп жүрген жұлдыздар

Қазақ эстарадасының әдемі де көрікті бірнеше жұлдыздары болашақ сәбилерін тағатсыздана күтіп жүр. Болашақ аналардың тізімінде Қарақат Әбілдина, Диана Шарапова сынды танымал әншілер бар.

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина өзінің бесінші нәрестесін тағатсыздан күтіп жүр. Әншінің оқырмандарының көпшілігі қыз бала болсын деп жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

Ал Диана Шарапова өзінің екінші сәбиін күтуде, әншінің 4 жастағы Алекс есімді ұлы бар. Әнші өзінің оқырмандарына: «Менің қымбаттыларым, мен енді декретке шықтым өздеріңізді сағынатын боламын. Тамыз айында шығармашылығымды қолыма алатын боламын» — дейді.

Бьюти блогер, модель Айнұр Нұрсейітова да нәрестесін күтіп, Түркия мемлекетінде демалып жатыр.

Ал әнші Серік Ибрагимовты жарымен бірге түскен суретін көрген оқырмандар, әншінің жарының жүкті екенін байқап, аман-есен босануын тіледі.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close