Басты жаңалықтарЖаңалықтарРепортаждарШоу бизнесӘнші

Аша Матайдың ағасы мен жеңгесі той күнін белгіледі

Таяуда ғана қыз ойнағын дүркірете өткізген Жарқынай Ханайым, бүгінде тойдың қамына қызу кіріскен, деп хабарлайды Shownews.kz ақпараттық порталы.

Маңызды күннің мінсіз өтуі үшін Айдар екеуі барын салуда. Алайда қос ғашықты қазақтың салт-дәстүрінен хабарсыздығы қынжылтып жүр.

«Дәстүрлер көп екен ғой, үлгермей жатырмыз. Біреуін бітірсек, екіншісі шығады. Айдар ер азамат дегендей, мен өнер адамымын, көп нәрсені білмеймін, ол да бейхабар. Әрине, әке-шешеміздің қазақы салттан хабары бар. Кейде «әй, сендер ананы істедіңдер ме» дейді, білместікпен көбін ұмытып кетеміз», — дейді Жарқынай.

Дүбірлі кештің ерекше өтуіне Айдардың нағашылары ат салысып, басы-қасында Баян, Бағым Мақсатқыздары жүрген көрінеді. Тіпті тойдың күнін азулы продюсердің өзі ресми түрде мәлімдеді.

«Бәрі жақсы. Жастардың үйлену тойы 21 наурызда болады. Мен оларды Сакура және Сакуриха деп атаймын», — дейді Баян Мақсатқызы.

«Жанұямыз тойды ерекше өткізуге тырысып жатыр. Анамыз, Баян Мақсатқызы, Бағым Мақсатқызы әр түрлі ойларын айтып, Айдар екеумізге ұсыныстарын білдіріп жатыр. Айдар кейбіреуін жақтырады, кейбіреуімен келіспейді», — дейді әнші ару.

Ал бұрымды үшін тойдың ерекшелігінен бұрын қалыңдықтың киімі маңызды. Бүгінде ол жер-көктен жарасымды көйлек таппай бас қатырып жүр.

«Ұзатуға киетін киімді уайымдаған жоқпын. Тойға бір көйлек таңдап, болды осы ғой деп жүргенімде, ойым өзгеріп қалды. Білмеймін, ұнамай қалды. Жақында қайтадан басқа көйлек қарауға барамын. Ең бастысы маған ұнайтынын тапсам, қандай бағада болсын алып береді», — дейді жұлдызды қалыңдық.

Иә, бүгінде қайын жұрты Жарқынайдың бар тілегін орындауға әзір. Себебі Айдардың ата-анасы дәл осы келінін көп күткен екен.

«Айдар үйдің үлкені, жолы да үлкен. Сондықтан «үйленемін, ғашық болдым, жүрегімнің иесі табылды» деген сөзді қашан айтады екен деп ұзақ күттік. Және жаңалығын айтқанда бірден қолпаштап, қолдадық, қуандық. Енді үйімізге тезірек келсе, екі келініміз де немере сыйласа екен деп ата-анам күтіп отыр», — дейді Аша Матай.

Жарқынай да  келіндік қызметіне  қазірден қамдануда. Әнші ару әлеуметтік желілерден түрлі ас мәзірін ақтарып, күні-түні тәтті тағам әзірлеп, тәжірибе жинақтап жүрген көрінеді.

«Мен негізі тағам әзірлеу үшін адамның қолында бір талант болу керек шығар, деп уайымдадым. Айдармен сөйлескелі, оның тәтті тамақты жақсы көретінін байқап, астың түр-түрін қарап, іздендім. Содан үйде жасап көрдім. Енді күннен-күнге дәмді боп келе жатыр. Білмейтінімді болашақ анамнан үйренсем жаман болмаймын деп ойлаймын», — дейді әнші.

Анасы мен жеңгесінің жылы қарым-қатынасына Аша да шын қуанып жүр. Өйткені ене мен келіннің арасындағы мәселе Матайға жақсы таныс. Сондықтан болар, бұл бикеш қос бауырының бақытты жүзіне дән риза.

«Айдар мен Жарқынайдың да, кіші інім Асылжан мен Ақжанның да махаббаты қуантады. Бізге ең бастысы бақытты болғандары керек», — дейді Аша Матай.

Жарқынай Ханайым көп ұзамай жаңа өмірге қадам басады. Әншінің бұрынғы продюсерлері енді қайын жұртына айналды. Алагөзова келінінің ендігі қадамына жиен інісінің жауапты екенін алға тартты.

«Енді Жарқынайдың күйеуі бар. Біз үйін, жарын ер азамат басқаратын елде тұрамыз. Сондықтан шығармашылықпен айналысуына рұқсат бере ме, бермей ме ол жағын білмеймін. Енді ол менің қоластымда емес,  жиен інім Айдардың жеке меншігі», — дейді Алагөзова.

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close