Шоумен & ТұлғаӘнші

Төреғали он алты жасар қызға көлік сыйлады

Төреғали Төреәлі кіші қарындасының туған күніне қымбат сый жасады. Әнші 16 жасқа қадам басқан Динаны Toyota көлігімен қуантты.

https://www.instagram.com/p/BuJkc3GhXrU/?utm_source=ig_web_copy_link

Ата-анасының кенжесіне жасаған сыйымен Төреғали Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Сондай-ақ, ол қарындасына өлең жолдарын арнады:

“Жалған өмір ұсынса да тақты жүз,
Бауырлар деп бағалаймыз бақты біз.
Өр кеудемнің ең бір нәзік бөлшегі
Қуанышың құтты болсын, тәтті қыз”.

Желі қолданушылары қарындасына сый көрсеткен Төрешке риза болды. Алайда кәмілеттік жасқа толмаған қызға көлік сыйлағанын түсінбей, әншіні сынға алғандар да табылды.

Төреғалидің отбасы Динаның туған күнін өз орталарында атап өткен. Алматыдағы мейрамханалардың бірінде өткен мерекелік кешке Қайрат Нұртас қонақ болып келген-ді. Ол кеш барысында Динаға арнап ән шырқап, қонақтардың көңілін көтерді.

Загрузка…
Show More

Ұқсас жарияланымдар

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close