МузыкаӘнші

Нұрман Арыстан: «Өзіме ұнамайтын қасиетім ол – ұялшақтығым»

Жас әнші,»Қазақстан Дауысы» жобасының финалисті Нұрман Арыстанмен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. 

IMG_0284

– Үлкен сахнаға тәй-тәй басып,өнер көрсетіп жүрген жас әншісің,өзің туралы көпшілікке таныстырып өтсең

– Мен үлкен сахнаға мектеп қабырғасынан бастап қадам бастым,байқауларға қатыстым,11 ші сыныпты бітіргеннен кейін арман қуып Алматы қаласына келдім,Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы Эстрада және Цирк колледжіне “Эстрада-вокал” мамандығына оқуға түстім,Айжан Керімқұлова деген ұстазым болды ол кісімен біраз жұмыс жасап,үйреніп содан “Қазақстан Дауысы” жобасының іріктеуіне барып кастингтен өтіп,”Көрмей тыңдау” кезеңінде төрт тәлімгер бұрылып,соның ішінен Нұрлан ағаны таңдадым.

– Жақында алғашқы бейнебаяның шықты, бейнебаян өзіңнің көңіліңнен шықты ма?

– Нұрлан ағаның өзінің сөзі болған болатын, финалдың алдында Данияр Исмаилов ағамыз екеуіміз өткен болатынбыз,сол кезед аға финалға кім өтпей қалады сонымен жұмыс жасаймын деген болатын,аға уәдесінде тұрды,жұмысты бастағанымызға аз уақыт болды, Жаным” атты әнге бір күннің ішінде бейнебаян түсіріп,бір апта монтаж болып,содан бейнебаян жарық шықты,өзімнің көңілімнен шықты.

– Нұрлан ағамыз 40 пайыздық ұпай берген кезде, Нұрлан ағамызға деген реніш болған жоқ па?

– “Қазақстан Дауысы” жобасының бірінші маусымын көріп,сондағы қатысушыларға жанкүйер болып,Нұрлан ағаның араласатын адамдарымен араласып,Нұрлан ағаны жақыннан тани бастадым Нұрлан ағаның сөйлегеніне, жүріс тұрысына қызықтым, Нұрлан ағадай болғым келді сондықтан тәлімгерлердің ішінде Нұрлан ағаны таңдаған болатынмын,ағаға деген ешқандай реніш болған жоқ,қанша кезеңнен өте алмай тұрған кезде,Нұрлан аға мені құтқарып,қуаныш сыйлап келген болатын,Нұрлан ағаға тек қана алғысымды айтамын.

– Өзіңнің ойыңша “Қазақстан Дауысы” әділ өтті деп ойлайсың ба?

– Әділ өтпеді деп айтсам ешкім менімен келіспес еді,себебі халықтың өзі тікелей эфирден әр апта сайын көріп отырды,дауыс беріп отырды,Бауыржан Ретбаев өзінің ерекше дауысымен халықты баурап алып,халық Бауыржанға дауыс берген болатын,сондықтан жоба өте әділ өтті деп санаймын.

– “Қазақстан Дауысы” байқауынан басқа байқауларға қатысып көрдің бе?

– “Қазақстан Дауысы” жобасынан басқа телевизиялық байқауларға қатысып көрген жоқпын,Ал мектеп қабырғасында “Арай” фестивалі,”Шәмші әндері” сияқты байқауларға қатысқан болатынмын.

– Халықаралық байқауларға қатысу ойыңда бар ма?

– Ол жағы уақыт өте келе белгілі болады,өнерге енді келіп жатырмыз сахнаға,түсірім алаңдарына үйренейік, мүмкін содан кейін қатысармыз.

– Алдағы жоспарларыңмен бөлісіп өтсең

– Қазір қоржынымда төрт ән бар,алғашқы бейнебаяным қазір еліміздің телеарналарынан жүріп жатыр, алдағы жоспар жаңа әндер жазу,жаңа бейнебаян түсіру,Нұрлан ағама бірге дуэт орындасақ деп ұсыныс жасаған болатынмын,қазір Нұрлан ағаның бос уақыты аз,сондықтан қазір Нұрлан ағадан жауап күтіп жүрмін,бірге дуэт орындап және оған бейнебаян түсірсек деген үлкен арманым бар.

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close