Басты жаңалықтарЖаңалықтарӘнші

Украина жұлдызы Джамала «Eurovision» жүлдесінен айрылып қалуы мүмкін

Стокгольмде мәреге жеткен «Еуровидение» музыкалық конкурсының жеңімпазы, украиналық әнші Жамала (Сусана Жамаладинова) осы бас жүлдесінен айрылып қалуы әбден мүмкін.

Хабарланғандай, әнші аталмыш конкурс финалында салған «1944» әнін бұдан бірнеше жыл бұрын орындап қойған болып шықты. Бұл «Еуровидение» талабына сәйкес келмейді. Онда кез келген орындаушы соған дейін еш жерде айтылмаған туындыны шырқауы тиіс.

Ал Сусана Жамаладинова 2015 жылы «Our Crimea» (Біздің Қырым) фестивалінің шеңберінде бұл әнді украин тілінде орындап қойған екен.

Қазір бәрі бұл мәселеге «Еуровидение» басшылығының қай қырынан келіп, қалай қарайтынына байланысты болмақ. Дегенмен, оның Еуропа хабар таратушы одағының күн тәртібіне енгізілетінінде күмән жоқ.

https://youtu.be/jf7tJVdaG_I

Дереккөз: Baq.kz

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Back to top button
Close