Басты жаңалықтарЖайдарманӘнші

БАЯН ЕСЕНТАЕВА ҚАЙРАТ НҰРТАСТЫ КӨРЕ АЛМАЙТЫНДАРДЫҢ КӨП ЕКЕНІН АЙТТЫ

Қайрат Нұртас Астанада өткен концертінде ресейлік жұлдыз Нюшаны қазақша ән салдыртып, жұртшылықты тамсандырды. Әншінің бұл жетістігін көпшілік жақсы қабылдаса да, Баян Есентаева Қайраттың қуанышын көре алмайтындардың көп екенін айтты.

“Ел аузында адам баласы өзгенің жетістігін кешіре алмайды, көре алмайды деген сөз бар. Пендеге ең қиыны сол. Қайраттың да жетістігін көре алмаушылар көп. Бұл шындық, оны жасырудың қажеті жоқ. Көпшілік күткендей, концертке Қайратты тыңдау үшін келген көрерменнің санында шек болған жоқ. Бұл Қазақстанның шоу-бизнес тарихында қалатын ғаламат оқиға”, – деп ағынан жарылды Есентаева.

“Қайрат, сен үшін қуаныштымын, бұдан да үлкен жеңістер тілеймін, алар асуың көп болсын”, – деп тіледі белгілі продюсер.

Есентаеваның сөзінен кейін Қайрат Нұртасты ұнатпайтын жандардың өзі әншінің бағындырған белесін мойындайтынын айтқан.

“Мен Қайратты тыңдаймын деп айта алмаймын. Оның әндері маған ұнамайды. Бірақ, мен Қайраттың еңбекқорлығын мойындаймын. Анасының аянбай тер төккеніне ризамын. Барлық аналар баласы үшін мұндей ерлікке бара алмайды. Анасы Қайратқа талмай еңбек етуді үйретті”, – деп жазады ғаламтор қолданушысы.

“Қайрат қазақ өнеріндегі Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева секілді аңыз тұлғаларды басып озды. Айтулы әртістеріміз оның көлеңкесінде қалып қойды”, – деп жазады тағы бір жанкүйер.

Ақпарат: www.nur.kz

Кілтсөздер
Show More

Ұқсас жарияланымдар

Back to top button
Close