Кино & ТеатрМузыкаТелерадиоШоумен & Тұлға

Арген DE’Suares: Біздің ұжым өнерлі жастарды толықтай дайындайды!

Жақында Алматы қаласында алғаш рет болашақ әртістерді жанжақты дайындайтын жобаның ашылу салтанаты болып өтті. Біз де қонақ боп барып, жобаның мақсатымен танысып қайттық.  Негізін қалаушы, идея авторы сазгер, өңдеуші, вокалист Арген De’Suares мырзадан сұхбат алдық.

hbYXCOsZjCA

Арген мырза, бұл жобаны қолға алып, қандай мақсат көздеп отырсыздар?

Қазір елімізді талантты, дарынды жастар жетерлік. Қазақта «бұлақ көрсең көзін аш»  демекші,  біз еліміздің болашақ әртістерін дайындап шығаруды қолға алып отырмыз. «Әртістерді» дегенім біздің ұжым өнерлі жастарды толықтай дайындаймыз. Яғни, вокал, би, актерлік шеберлік сабақтары жүретін болады.

Қазір бұл айтып отырған сабақтар барлық жерлерде оқытылады ғой. Сіздердің ерекшеліктеріңіз неде болмақ?

Әрине, бұндай курстар барлық жерде жеке сабақ түрінде оқытылады. Әртіс болу үшін сахнадағы би- қимыл, актерлік шеберлік және де міндетті түрде вокал керек. Біздің ерекшелік осы айтып отырған би, вокал, актерлік шеберлікті бірге оқыта отырып, әр талантқа жеке көңіл бөліп, бағыт- бағдар беріп, ары қарай дамыту, нәтиже шығару.  Кей адамадар әртіс боламын деп  емес достар тауып, көпшілік ортада өзін көрсету, ұялмай сахнада, жиындарда сөз сөйлеп үйрену үшін де келіп жатады.

Бұл жоба қанша уақытқа жоспарланып отыр? Сабақ алу барысында топ жарып, өзін көрсете білген жастарға қандай мүмкіндіктер болады?

Негізі  5 айға жоспарланып отыр. Алғашқы айларында 20 % жеңілдіктер көрсетілген. Және де әр талантқа бір әнімді сыйға тартамын. Өзін жақсы көрсете білген, ниетті, талантты жастардың шоу бизнесте өз орнын тауып, әнші, биші немес актер болып қалыптасуына жола шамыз.Топ жарып, талантын аша білген жастармен ары қарай келісім –жасау арқылы жұмыс жасап, бейнебандар түсіреміз.  Сонымен қатар, белгілі продюсерлермен тығыз байланыстамыз. Кастингтер, байқауларға жіберіп, топ құрамына мүше іздеген жағдайда да бізге белгілі продюсерлер арқа сүйей алады. Бастамасында шағын концерттерде өнер көрсете алады.

Ал, қандай мамандар сабақ бермек? Елге белгілі азаматтар ма?

Ия, әрине. Өз жұмысын жоғарғы деңгейде меңгерген мамандар. Актерлік шеберліктен белгілі кино және театр актерлері Илья Садыков пен Ирина Симонова. Биден Аркен Аминов, көпке Кеша деген атпен таныс. Лос Анджелестен білім алып келген, еліміздегі белгілі би топтары мен эстрада жұлдыздарына би қойып жүрген осы жігіт. Вокалдан сабақ беретін өзім. Эстарадамыздағы жас әншілер, топтардың әнін жазып жүрмін. Талантымен көпшілікті тамсандырып жүрген Қайрат Түнтеков бауырымыз жиі мастер- класс өткізіп тұрады.

Осы күнге дейін шәкірт тәрбиелеп көрдіңіз ба? Тәжірибеңіз бар ма?

Қазір дайындап жатқан екі шәкіртім бар. Оның алдында бір қызды дайындаған болатынмын, нағыз талант.  Болашағынан көп үміт күттім. Дегенмен, үміт ақталмады. Өз таңдауын жасап, тұрмысқа шығып, Астана қаласына кетті. Мен тек таланты мен ниеті ұштасқан жастармен ғана жұмыс жасауды жөн көремін.

Алматы қаласында осы күнге дейін осындай жоба болды ма? Идея кімдікі?

Жоқ, оны сеніммен айта аламын. Идея негізі маған келді. Әншілермен жұмыс жасағанда, актерлік шеберлік немесе сахналық қимылы көңіл толтырмайтын кездері жиі болады. Оның барлығы да бір әртіс үшін керек дүние, және сабақ аламын деген жастар үшін де қолайлы. Сонымен қатар, камера алдында жұмыс жасау үлгілерін де қосып отырмыз. Себебі, теледидардан көргенде өзіңнің іс-қимылыңа көңілің толмайтын кездер болады. Өз жұмысы мен нәтижесін айна алдында ғана емес, үлкен экраннан көре алады. Бұл жақсы мүмкіндік деп ойлаймын.

Бір топта қанша бала сабақ ала алады?  Уақыты оқушыларға ыңғайлы жоспарланады ма?

Сабақ  өту барысын топқа бөліп, әр топта 10-15 бала қатыса алады. Топпен сабақ алу өздеріне жақсы. Әр түрлі жаттығулар жасау, тәжірибе алмасып, ашылып дегендей. Оқушылар мен студенттер күндізгі уақытты таңдаса, қызметтегі кісілер кешкі уақытта келе алады. Жас аралығы 13 жастан жоғары.

Шынымен де, жақсы ойластырыған жоба екен. Жұмыстарңыз жемісті болсын. Сапалы туындыларыңыз бен шәкірттеріңіз көп болсын! Жағымды жаңалықтар күтеміз. Бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.

 

Show More

Ұқсас жарияланымдар

Мынадай да бар

Close
Back to top button
Close